Placeholder
Новости Казахстана11 апреля 2023, 14:03

Астанадағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары бір ғана алтынға қол жеткізді

Астанадағы Азия чемпионатында грек-рим күресінен бәсеке аяқталып, отандастарымыз тек бір ғана алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Arbat.media

Қазақстан балуандары жалпыкомандалық есепте Иран мен Қырғызстан командасынан кейін үшінші орынға тұрақтады. Ұлттық құрама балуандары өз жеріміздегі сыннан тек бір ғана алтын медальға қол жеткізді. 

Иран құрамасы 5, Қырғызстан балуандары 3 алтын иеленсе, Қазақстан спортшылары арасында үш балуан финалға шықты. Алайда олардың арасында тек 72 келіде күрескен қарағандылық Ибрагим Магомадов қана Азия чемпионы атанды.  

55 келіде күрескен Аманғали Бекболатов қоланы қанағат тұтса, 63 келіде күрескен Мұхамедәли Мамырбектің де қарқыны тек үздік үштікке ілінуге жетті. Ал ұзақ уақыт бойы үзіліс жасап, бозкілемге қайта оралған Алмат Кебіспаев 67 келі күресті. Тәжірибелі спортшы Астанадағы сында үшінші орынға жайғасты. 82 келіде ел намысын қорғаған Диас Қален былтырғы Азия біріншігінде де финалға шыққан еді. Биылғы сында отандсымыз финалда қырғыз балуанынан айласын асыра алмады.  87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов белдесіп, финалда  Иран балуанынан аса алмады.  97 келі салмақ дәрежесі бойынша Олжас Сырлыбай мен  130 келіде күрескен Әлімхан Сыздықов құрама қоржынына тек қола жүлдені салды. 

Бүгін Азия біріншілігінде әйелдер күресінен белдесулер бастады. Бұл сында Қазақстан әйелдер құрамасы өнер көрсетеді. Жарыстың соңғы екі күнінде еркін күрес балуандары бақ сынайды. 

 

спорт Күрес Азия чемпионаты Алтын

Новости по теме