Новости Казахстана3 июля 2023, 17:16

Ақтөбе тұрғыны ақбөкен мүйізімен ұсталды

Ақтөбе облысында құны 80 млн теңгеден асатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция департаментінің ЖПҚБ қызметкерлері "Охотзоопром" қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Мал базары" маңындағы Богословка тас жолында 32 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз 2110 тоқтатқан. Көлікте 38 жастағы жолаушы болғаны анықталды.

Тексеру кезінже жүксалғыштағы қаптан 31 дана ақбөкеннің мүйізі табылғаны мәлім болды.

Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген ақбөкен мүйіздерінің қайдан алынғаны анықталады, - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада. 

Бұған дейін Қызылорда облысының тұрғынынан жүз келіден астам киік мүйізі тәркіленген болатын. Сондай-ақ, киік мүйізін жерге көміп жинаған Атырау облысында бір тұрғын анықталды. Ал БҚО-да 500-ге жуық киік мүйізімен ұсталған азаматқа қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Ақтөбе облысы Киік мүйізі Киік

Новости по теме