Полицейлер Батыс Қазақстанда 465 дана киік мүйізін тәркіледі
Батыс Қазақстан облысында полицейлері 465 дана киік мүйізін тәркіленді, деп хабарлайдыArbat.media
ІІМ телеграм-арнасында қылмыстық оқиға өңірдің Ақжайық ауданында тіркелгені жазылды.
38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны ірі партияны шаруашылық құрылыста жасырған. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Ақпан айында Қызылорда облысында 26 киік атқан тұрғын ұсталған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в