Қызылорда облысының тұрғынынан жүз келіден астам киік мүйізі тәркіленді
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері киік мүйізін сатқан тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Arbat.media
Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД прокуратурамен бірге аса ірі көлемде киік мүйіздерін сату үстінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынын ұстағанын мәлімдеді. Тінту кезінде жалпы салмағы 100 келіден аса киік мүйіздері алынды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабының 3-тармағы бойынша (жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен аса ірі көлемде залал келтіре отырып заңсыз айналысу) қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деді ҰҚҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қылмыстың ұйымдастырушысы қамауға алынып, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Бұған дейін Қызылорда облысында 26 киік атқан өңір тұрғыны ұсталған еді. Арал аудандық Полиция басқармасы және "Охотзоопром" мекемесілері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы тұрғынды қолға түсірген. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны 465 киік мүйізіншаруашылық құрылыста жасырғаны анықталды.