Placeholder
Новости Казахстана24 апреля 2023, 3:29

Ақтөбе облысында жол апаты үш адамның өмірін жалмады

Ақтөбе облысында жол апатының салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media. 

Polisia.kz-тің жазуынша, қайғылы оқиға 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған. 

ВАЗ-2110" және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан. "ВАЗ" автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда, деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апаты орын алып, екі ресейлік оқиға орнында өмірден өткен еді. Сонымен қатар, Жетісу облысында екі көлік соғылып, үш адам қайтыс болды. Одан сәл бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Одан бөлек, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған

Ақтөбе облысы Жол апаты өлім полиция

Новости по теме