Placeholder
primeminister.kz
Новости Казахстана30 мая 2023, 16:41

Әлихан Смайлов Fly Arystan әуе компаниясының жұмысын сынға алды

Үкімет отырсында премьер-Министр отандық авиакомпанияларға қатысты жолаушылар тарапынан орынды сын-ескертулер жиі айтылатынын атап өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

Әлихан Смаййылов ішкі рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты шағымдар көптігін жеткізді. 

Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында Fly Arystan компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындаған жоқ. 25 ақпанда дәл осы авиакомпанияның жолаушылары «Астана-Шымкент» рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды. Өкінішке қарай, авиакомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, осыдан барып, баға саясатында да көптеген сұрақтар туындайды. Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытай елдеріндегі осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды. 

Бүгінде жанармай шығындарын өтеуге жұмсалатын отын алымы логика бойынша авиаотын бағасының өзгеруіне байланысты болуы тиіс. Алайда, ол билет бағасында өзгеріссіз, бір деңгейде қалып отыр. Сондықтан, баға саясатын қайта қарап, авиатасымал сервисі мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеу керек. Жолаушылардың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс, - деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жол карталарын әзірлеуді, әуежайлардың маңындағы заңсыз берілген жер учаскелерін алып қою жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ авиакеросин өндірісін ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырды.

 

Әлихан Смайылов Әуе рейстері Ұшақ

Новости по теме