17 апреля 2023 г.
/ Новости Казахстана
Орал қаласының тұрғынынан 28 келі қара уылдырық пен 157 келі бекіре тәркіленді
Орал қаласының полицейлері 1955 жылғы азаматтың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде заңсыз сақталған балық пен уылдырықты тәркіледі. Тәркіленгендер сақтау қоймаларына тапсырылды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.