
7 апреля 2023 г.
/ Новости Казахстана
Астана әуежайында заңсыз такси жүргізушісі қамауға алынды
Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында №1 терминалда елорданың 37 жастағы тұрғынды анықтады. Ол тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған. Азамат әуежайдан шыға берісте жолаушылардың мазасын алып, такси қызметін ұсынған. Сонымен қатар ер адам полиция бөлмесіне жеткізу кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған.