Астана әуежайында заңсыз такси жүргізушісі қамауға алынды
Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу барысында №1 терминалда елорданың 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ол тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған, деп хабарлайды Arbat.media.
Азамат әуежайдан шыға берісте жолаушылардың мазасын алып, такси қызметін ұсынған. Сонымен қатар ер адам полиция бөлмесіне жеткізу кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы екі тәулікке қамауға алынды.
Поделиться
Читать Arbat media в