
14 апреля 2023 г.
/ Новости Казахстана
Павлодарда 3 жастағы бала терезеден құлап, көз жұмды
Павлодардағы 9 қабатты үйлердің бірінде 3 жастағы бала терезеден құлап, көз жұмды. Оқиға Толстой көшесіндегі 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Баланың денесін сол жерден өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі көріп, жедел жәрдемге хабар берген. Олардың айтуынша бала үйде қараусыз қалған көрінеді.