Павлодарда 3 жастағы бала терезеден құлап, көз жұмды
Павлодардағы 9 қабатты үйлердің бірінде 3 жастағы бала терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Толстой көшесіндегі 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Баланың денесін сол жерден өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі көріп, жедел жәрдемге хабар берген. Олардың айтуынша бала үйде қараусыз қалған көрінеді.
Жедел-жәрдемге оқиға куәгерінен бойынша баланың терезеден құлағаны туралы қоңырау түсті. Бригада оқиға орнына 3 минутта жетті. Куәгердің сөзінше, бірінші терезенің қорғаныш торы құлап, артынша бала жерге түскен. Дәрігерлер баланың биологиялық өлімін тіркеді, – дейді облыстық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Поделиться
Читать Arbat media в