Новости Казахстана1 июля 2023, 16:57

Жетісу облысында 73 жастағы жүргізуші жол апатына ұшырап бір жолаушы қаза болды

Жетісу облысында егде жастағы жүргізуші жол апатына ұшырап, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Қайғылы оқиға кеше Саркан ауданында болып, Volkswagen Polo көлігін 73 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Ол Алматы-Өскемен тас жолының 462 шақырымында көлікті аударып алған. 
 
Шетелдік көлікте болған 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екінші жолаушы қарт жүргізушімен бірге Сарқан аудандық ауруханасына жатқызылды.

Бұған дейні Жетісу облысында көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған еді. Сондай-ақ, аталған өңірде мотоцикл жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, жазып етті. Бұдан бөлек, екі апта бұрын Талдықорған қаласының маңындағы тас жола көлік апатынан екі адам қаза тапты.

 

Жетісу облысы Жол апаты өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!