Placeholder
Новости Казахстана19 июня 2023, 22:05

Талдықорған маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

Талдықорған қаласының маңындағы тас жола көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

 Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Mitsubishi Pajero-ны басқарған 32 жастағы ер адам қасындағы жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Осыдан тура үш күн бұрын Жетісу облысында жол апаты орын алып, екі адам бақиға озған еді. Сондай-ақ, өңірде Ескелді ауданында мотоцикл жүргізушісі 11 жастағы қыз баланы қағып, мерт етті

 

Талдықорған Жол апаты өлім

Новости по теме