Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 5:35

Жетісу облысында мотоцикл баланы қағып мерт қылды

Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға өңірдегі Ескелді ауданында болған. Ауданға қарасты Ешкіөлмес ауылында 11 жасар қызды спорттық мотоцикл жүргізушісі қағып кетті. 

Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.

Оқыс оқиға салдарынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шеккен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

 

Мотоцикл Апат өлім

Новости по теме