Новости Казахстана13 марта 2023, 18:36

ҰҚК қару және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Arbat.media

Шара барысында ҰҚК қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысын ұстады. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды.   

Қылмыскерлер жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдануы  олардың әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған. Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірді. Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды. Заңсыз айналымнан 4 бірлік «Калашников» автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды, - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталған адам қылмысын мойындап, ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. 

ҰҚК Жамбыл облысы Операция Қару

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!