Новости Казахстана18 февраля 2023, 18:20

Түркияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 40 мыңға жуықтады

Ақпан айының басында Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қайтыс болған адамдар саны 40 мыңға жақындады, деп хабарлайды Arbat.media

"Анадолу" ақпарат агенттігі елдің ішкі істер министрлі таратқан мәлімет бойынша ақпарат жариялады. Онда табиғат апатынан құлаған 20 мыңға жуық нысан сүзгіден өткізілген. Құтқарушылар әрбір құлаған нысанда іздестіру жұмыстары кезінде үйінді астында қалған тұрғындарды аман алып қалуға тырысқаны айтылады.

Алайда зілзала салдарынан апат аймағында 39 672 адамның қайтыс болғаны анықталып отыр. Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу жер сілкінген аумақтардың басым бөлігінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталып қалғанын мәлімдеді. 

Түркияда болған жер сілкінісінен кейін елде бір апта бойы аза тұту жарияланған болатын. Сонымен бірге, зардап шеккендер көмек көрсету үшін әлемнің алпыстан астам елінен құтқарушылар келгені айтылды. Қазақстан президенті қайғылы оқиғадан кейін түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдап, кейін құтқару қызметін аттандыруға тапсырма берді. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияның апат аймағына екі лекпен аттанып, жүзге жуық адамды үйінді астынан алып шықты. Олардың басым көпшілігі апат кезінде қайтыс болған. 

түркия Жер сілкінісі өлім Апат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!