Новости Казахстана8 февраля 2023, 23:09

Түркияда апат аймағына барған Қазақстан құтқарушылары жұмысын бастады

Түркиядағы жер сілкісіні болған аймаққа аттанған қазақстандық құтқару қызметі жұмысқа кірісті, деп хабарлайды  Arbat.media

Қазіргі уақытта Қазақстан құтқарушылары түрік әріптестерімен бірге құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Олар жер сілкінісі салдарынан бүлінген үйлердің конструкцияларын демонтаждау және іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел атқаруда.

Түркияға келген қазақстандық құтқарушылар күрделілігі жоғары объектілерге бекітілген болатын. Өткен тәулікте апат аймағына аттанған топ қиын жағдайда жұмыс істеуде. Олар блоктан шығару және үйге кіру жүргізіп, іздестіру кезінде қаза тапқан 3 әйелдің денесін сыртқа шығарды. Сондай-ақ, үйінділерді тазарту, құрылыс конструкцияларын шығаруды жалғастырып жатқаны хабарланды. 



Алғашқы лекпен барған екінші топ толығымен қираған 9 қабатты екі үйді зерттеп сонымен қатар жергілікті құтқарушылармен бірге үйінділер астынан зардап шеккен тірі әйелді шығарып алды. Осы нысанда құтқарушылар тағы бір адамның денесін тапты.

еліміздің төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. 
 

түркия Апат Қазақстан Көмек

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!