Новости Казахстана27 апреля 2023, 14:37

Қырғыз шекарасы арқылы шетелге қашқан Серік Күдебаев Түркияда ұсталды

Наурыз айында тау арқылы қашқан болуы мүмкін деген Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты ұсталды деген ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media

Еліміздің бас прокуроры Берік Асылов Серік Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға әкеле жатқанын растады. Кейбір деректерге қарағанда ол  Түркияда қолға түскен.  

Күдікке ілінген Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы болған Серік Күдебаевтың наурыз айында Қырғызстан арқылы Түркияға кеткені белгілі болған еді. Оны іздеу бойынша шекара бекеттерінде тексеру жұмыстары жүргізілген.  

Кейін жауапты тарап С.Күдебаевтың шекара бекеті арқылы өтпегенін мәлімдеді. Сәуір айының басында оған халықаралық іздеу жарияланды. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың тау арқылы асып кеткен болуы мүмкін екенін атады

Бұған дейін Алматы облыстық ПД басшысы болған Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы бой тасағаланы белгілі болды. Халықаралық іздеу жариялаған ол Қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін айыпты деп танылып, кейін оған қатысты сот отырысы бірнеше рет өткен. Мемлекеттік айыптаушы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда ПД бұрынғы басшысы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын.  

 

Серік Күдебаев Іздеу полиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!