Placeholder
Фото: tengrinews.kz
Новости Казахстана28 февраля 2023, 21:12

Сотта Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылды

Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа прокурор тоғыз жыл жаза кесуді сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Сот отырысы кезінде прокурор судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Бұл ақпаратты Жетісу облыстық прокуратурасы растап, оның айыпты екенін алға тартқан. 

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы болған Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып отыр.  Ол өткен жылғы қаралы оқиға кезінде жұмыс орнын тастап кеткені үшін кінәлі деп танылып отыр. 

Айыпталушы 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. Бұған дейінгі сот отырысында С.Күдебаевтың адвокаты оны бұрынғы жұмыс орнына қайтаруды сұраған болатын. 

Серік Күдебаев сот Прокурор Қоғам

Новости по теме