Новости Казахстана5 апреля 2023, 17:15

Серік Күдебаев шекарадан тау арқылы өткен болуы мүмкін - ҰҚК

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев таулы жер арқылы шекара кесіп өтуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың тау арқылы асып кеткен болуы мүмкін екенін атады. 

Қырғызстанмен мемлекеттік шекара 1 257 шақырымға созылып жатыр. Алматы бағытында бізде Алатау таулы алқабы бар. Меніңше бұл бағытта күзетуге қажет техникалық құралдар жоқ екенін ескере отырып осы таулар арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту мүмкіндігі бар. Мұны анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр, - деді Ерлан Алдажұманов Мәжілістің кулуарында

Шекара қызметі басшысының айтуынша, күдіктінің қайда екенін анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлескен топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың қашып кеткені жайлы ақпарат неліктен кеш жарияланғаны туралы да атап өтті. 

Біз оның қашып кеткен-кетпегенін білмедік. Бұған дейін де атап өткенімдей, ол мемлекеттік шекараны ресми өткізу пунктері арқылы кесіп өткен жоқ», - деді Шекара қызметінің басшысы. 

Алматы облыстық ПД басшысы болған Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы бой тасағаланы белгілі болды. Алайда оның шекара бекеті арқылы өтпегені айтылды. Халықаралық іздеу жариялаған ол Қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін айыпты деп танылып, кейін оған қатысты сот отырысы бірнеше рет өткен. Мемлекеттік айыптаушы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Алайда ПД бұрынғы басшысы денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын.  

Серік Күдебаев полиция Іздеу Қазақстан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!