Рыбакина Майами турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатарынан он бірінші рет жеңіске жетіп, Майамидің ашық чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Arbat.media.
Отандасымыз турнирдің іріктеу кезеңінде бельгиялық Элиза Мертенсті 2:0 есебімен (6:4, 6:3) қапы қалдырды. Енді Е.Рыбакина ширек финалда Италия теннисшісі Мартина Тревизанға қарсы ойын өткізеді.
Елена Рыбакина қазіргі уақытта әлемдік рейтингтің жетінші сатысында тұр. Ол өткенде аптада ғана Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған. Аталған жарыстың жартылай финалында финалында әлемнің бірінші ракеткасынан басым түсті. Сонымен бірге, турнирдегі жеңісі үшін $ 1,2 млн көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Поделиться
Читать Arbat media в