Ресейлік сарапшылар Қазақстанды қашанға дейін айыптайды?
Ресей үшін Қазақстан Украинадан кейінгі қарсыласқа айналды. Бұл туралы елдің шығыстанушы әрі саясаттанушысы Евгений Сатановский "Соловьев LIVE" эфирінді айтты, деп хабарлайды arbat.media.
Сарапшының сөзін пайымдасақ, Қазақстан ұзақ жылдар бойы көпұлтты мемлекет ретінде дамып, енді ұлтшылдыққа бет бұрыпты-мыс. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың уақытында мемлекет Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, кавказ елдерінен сабақ алды. Алайда оның биліктен кетуінен кейінгі жағдай басқа арнаға бұрылып, ұлтшылдық оты жана бастапты...
"Қазақстанда орыстар көп, Ресейде де қазақтар бар. Орыс тілділер де көп. Алайда біз білмейтін бірдеңе болып жатыр. Біз Украинаға қарағандай қазақты бауырлас ұлт, бір ел деп қарадық", - дейді Сатановкий.
Қаңтардағы жағдай Қазақстандағы исламистердің, ұлтшылдардың және радикалды күштердің барын көрсетті. Тоқаев осы орайда ОДКБ әскерін пайдалана отырып, елдегі тәртіпсіздіктерді баса алды. Алайда Қазақстанның Ресейге деген саяси көзқарасы оғаштау дейді сарапшы.
"Астананың түркі әлемімен бірге болуы және Украинағыдай ұлтшлыдықтың көтеріле бастауы жақсы емес", - дейді сарапшы.
«Соловьев LIVE» эфирінде Қазақстанды айыптаған сарапшыдан бөлек таяуда НВТ арнасында "Кешкі кездесу" бағдарламасында Геворг Мерзоян Қазақстанды "жазалаудың" жолын айтқан болатын. Ол бағдарламада Украинаның ракеталары Қазақстаннан атылса деп армандайтынын айта келе, осылай болған жағдайда Ресейдің қыспаққа алуына себеп табылатынын жеткізген еді. Одан бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісінің де пікір қоғам наразылығын тудырды. Ол сұхбат барысында қазақстандықтардың қай тілде сөйлеуі тиіс екенін айтқан.