Ресейлік "сарапшы" "Қазақстанды қыспақла алудың" қиялындағы нұсқасын айтты
Ресей телеарналарының бірінде Қазақстанға бағытталған арандатушылық пікір айтылды, деп хабарлайды arbat.media.
Бұл жолы көзге түскен "сарапшы" Геворг Мирзаян болды. Ол Ресейдің біздің елмен қарым-қатынасының бұзылуы үшін украиналық дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылуын тілейтінін айтып қалды.
Егер менің қиялым орындалса және Украина Қазақстан аумағынан соққы берсе, онда бұл Ресейдің игілігі үшін тиімді болмақ. Осыдан кейін біз қазақтарды осындай ұстанымдары үшін қыспаққа аламыз, - деді ол.
Мұндай бір түрлі пікір Ресейдің НТВ арнасының "Кездесу алаңы" ("Место встречи") бағдарламасында айтылды. Бірақ сол сәтте эфирдегі спикердің бірі Мирзаянның аузына қақпақ болып, мұндай пікірдің дұрыс еместігін бірден білдірді.
Қараша айында ғана Ресейде мәселе көтеріліп, Қазақстанның өздеріне деген "сатқындығы" талқыға түскен болатын.
23 қарашада Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков ресейлік саясаттанушының Қазақстанға бағыттап айтқан пікірін тыңдамауды және басқа да саясаттанушылардың "ыңғайсыз мәлімдемелерін" көрмеуге шақырған.
Естеріңізде болса, 18 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ басшысы Владимир Путин мен Кеосаянның әйелі Маргарита Симоньянға Қазақстаны атына бағытталған "дұрыс емес пікірлер" туралы айтқан еді. Бұдан кейні Симоньян әңгіменің кімге бағытталғаннын атап өткен болатын.