Қазақстан балуандары Азия біріншілігінің соңғы күнінде екі алтын иеленді
Астанада аяқталған Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан балуандары екі алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Arbat.media.
74 келіде күрескен отандасымыз Дархан Есенғали мен 86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков қарсыластарын ұтып, сары құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Ал 92 келіде сынға түскен Ризабек Айтмұқан ақтық сында жапониялық қарсыласынан айласын асыра алмады. Соныымен бірге, 125 келіде белдескен дағыстандық легионер Юсуп Батырмурзаев моңғол балуанын ұта алмады.
Бұған дейін Қазақстан балуандары грек-рим күресінен бір, әйелдер күресінен екі алтын иеленген болатын. Бүгін еркін күрестен басталған сында қос отандасымыздың финалға шығып, жеңімпаз атанғанын жазған едік.
Поделиться
Читать Arbat media в