Новости Казахстана11 июля 2023, 16:51

Қарағандыда синтетикалық есірткі сатқан тұрғын ұсталды

Қарағандылық полицейлер синтетикалық есірткі даярлайтын зертхананы анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, 4 шілде күні Қарағанды қалалық полиция басқармасының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қаладағы саяжайлардың бірінен 28 жастағы азаматты ұстаған.

Ұсталған азамат қала аудандарының әр жерлерінде 20-30 орамнан синтетикалық есірткі жасырып кеткенін мойындады. Күдіктінің синтетикалық есірткі жасырған жерлеріне жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 3 орам, жалпы салмағы 100 грамм болатын синтетикалық есірткіге ұқсас заттар тәркілеген.

Күдікті жалға алған пәтерді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана табылды. Полиция қызметкерлерімен оқиға орнынан синтетикалық есірткі затын пісіруге арналған индукциялық тақта, екі термометр, екі респиратор, пластикалық ыдыстар және синтетикалық есірткіні өлшеуге арналған заттар, сондай-ақ сатуға дайын 500 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу –ішкі істер министрі алға қойған басым міндеттердің бірі. Осы бағытта біздің департамент қызметкерлері бұл жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді, - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қарағанды облысында ауылды жерде қарасора өсірген 62 жастағы тұрғын ұсталған еді. Сондай-ақ, Павлодар облысында да тыйым салынған есірткілік шөпті өсірген күдікті қолға түсті. 

 

Қарасора Қарағанды

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!