Новости Казахстана1 июля 2023, 15:19

Қарағанды облысында 62 жастағы тұрғынның ауылда қарасора өсіргені анықталды

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және алты қап кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар қарасора өсімдігін өсірумен айналысатынын анықтаған.

Кеше оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы аталған ақпараттың растығына көз жеткізді. 62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар қарасораға ұқсас өсімдіктердің плантациясы табылды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 7291 түп тәркілегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ қора ішінен алты қап және екі бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас зат табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабына “Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қарасора Есірткі Қарағанды облысы

Новости по теме