Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Кеше кешкілік сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында Қарағанды қаласына 20 шақырым қашықтықта Toyota Camry және Nissan автокөліктері соғылған қайғылы оқиға тіркелді.
Жол апаты салдарынан 6 адам қайтыс болған. Оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орнында тілге келместен кетсе, екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданбақ.
Бұдан бір күн бұрын Талдықорғанда жол апатынан екі адам қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Осыдан тура үш күн бұрын Жетісу облысында жол апаты орын алып, екі адам бақиға озған еді. Сондай-ақ, өңірде Ескелді ауданында мотоцикл жүргізушісі 11 жастағы қыз баланы қағып, мерт етті. Ал бір апта бұрын Теміртауда болған жол апаты кезінде екі адам өмірден өтті.