Қайтар оқиғасынан кейін айыпталған Серік Күдебаевтың соты кейінге шегерілді
Алматы облысының Полиция департаментін басқарған Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге ауысты, деп хабарлайды Arbat.media.
16 наурызда генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығуы тиіс болған. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге ауысып отыр.
Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі келесі отырыстың өтетін күні алда белгілі болмақ.
Алматы облысы полиция департаментінің басшысы болған Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып отыр. Ол өткен жылғы қаралы оқиға кезінде жұмыс орнын тастап кеткені үшін кінәлі деп танылған.
Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық кодекстің 370 бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша айып тағылған. Ол 2020-2022 жылдар аралығында Алматы облысының полиция департаментін басқарған болатын.
Қаңтар айында өткен сот отырсында С.Күдебаевтың қорғаушылары оны бұрынғы қызметіне қайтаруды сұраған.
Кейін сот барысында прокурор айыпталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.