Новости Казахстана9 января 2023, 21:01

Серік Күдебаевтың адвокаттары оны бұрынғы қызметіне қайтаруды сұрады

Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетіп, қылмыстық іс қозғалған Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың қорғаушылары соттан оның ісін тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде қызмет орнынан кетіп қалған Серік Күдебаевтың адвокаттары соттан істі тоқтатуды сұрап өтініш жолдады. Сонымен бірге, генерал-майорды қызметіне қайтаруды ұсынған. Адвокаттардың айтуынша, ПД басшысы болған Күдебаев бейбіт халыққа оқ атқысы келмегендіктен жұмыс орнынан кетіп қалған. 

Серік Күдебаев Талдықорғандағы митинг кезінде қатты жарақат алған. Оның басына тас тиіп, жараланды. Бірақ соған қарамастан ол халыққа оқ атқысы келген жоқ. Сондықтан осындай шешімге келді. Егер ол атуға бұйрық бергенде кемінде 300 адам қаза табуышы еді. Сізден осы қылмыстық істі тоқтатуыңызды сұраймыз. Өйткені Күдебаев өз қызметін адал атқарған адам", — деді С.Күдебаевтың адвокаттары.

Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық кодекстің 370 бабы 4-бөлігі 1-тармағы (Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша айып тағылған. Ол 2020-2022 жылдар аралығында Алматы облысының полиция департаментін басқарған болатын. 

Серік Күдебаев Адвокат Қаңтар оқиғасы Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!