Новости Казахстана4 апреля 2023, 15:14

Павлодар облысында "суық тиіп, арақ ішкен" әкім қызметінен кетті

Павлодар облысында жұмыс кезінде ішімдік ішкен ауыл әкімі қызметімен қош айтысты, деп хабарлайды  Arbat.media.

Әлкей Марғұлан ауылының әкіміне қатысты шешім кеше қабылдады. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімдігі хабарлады. 

– Өткен аптада болған әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаев атқарған қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласының баспасөз қызметіндегілер. 

Ауыл әкімі өз қызметіне қаңтар айында кіріскен. Алайда ол Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас болғанын ауыл тұрғындары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына хабарлаған. Кейін әдеп жөніндегі уәкіл фактіні тексеруге барып, медициналық сараптама қорытындысы оның ішімдік ішкені анықталды. Бұл туралы ауыл әкімі де мойындаған. Кейін әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әкімді қызметінен босатуды ұсынған еді

Ішімдік Әкім Қоғам Қызмет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!