Новости Казахстана30 марта 2023, 21:48

"Суық тиіп, арақ іштім": Павлодар облысында ауыл әкімі өзінің әрекетін түсіндірді

Павлодар облыстық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жұмыс кезінде арақ ішкен ауыл әкімінің мәселесін талқылады, деп хабарлайды Arbat.media Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны анықталып, аталған ақпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына ауыл тұрғыны атынан түскен. 

Әдеп жөніндегі уәкіл бұл деректі тексеруге барып, ауыл тұрғынының сөзін медициналық сараптама растады.

Бауыржан Бозтаев өзінің бұл әрекетін тікелей дауыс беру арқылы әкім болып сайланғанын және 2023 жылдың 30 қаңтарынан бері қызметте екенін айтқан. Бұған дейін оның басшылық қызметте және мемлекеттік қызметте тәртіптік жазасы болмаған.

– Мен бұл деректі растаймын. Наурыздың 15-і күні ауылды су басты. Түскі астан кешке дейін соны шығарумен айналыстық. Қатты суық тиген соң ішіп алдым. Бұл ісіме қатты өкінемін. Сіздерге және менің ауылымның тұрғындарына осы орында болуға лайықты екенімді дәлелдеу үшін тағы бір мүмкіндік берулеріңізді сұраймын, - деді ауыл әкімі.

Ауыл тұрғындарының көбі Бауыржан Бозтаевты қорғап, өз әкімдеріне қатысты жұмсақ шешім шығаруды сұраған.  

Алайда бұл сөздер әдеп жөніндегі кеңес мүшелерін сендіре алмай отырғанға ұқсайды. Олар мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнында мас күйінде болуын өрескел заң бұзушылық деп санап, Екібастұз қаласының әкіміне Бауыржан Бозтаевты қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылдаған. 

Әкім Арақ ішу Павлодар облысы Әдеп

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!