Новости Казахстана21 июня 2023, 22:21

"Мен ақпын!". Арман Шораев өзіне қатысты тергеуден кейін мәлімдеме жасады

"Қазақстан барысы" жобасының авторы Арман Шораев аталған турнирге қатысты жұмсалған қаржы бойынша басталған тергеуден кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Жап-жаңа Қазақстанның жаңашыл билігі менің айналамдағы адамдарға, әріптестеріме, жақтастарыма түрлі себептермен қысым жасауды бастап кетті. Журналист ретінде жасаған жұмыстарымнан мін іздеп, архив ақтаруға көшті. Көптеген жобаларды бірге жүзеге асырған пікірлестерімді заңсыз тергеп-тексеруде. Кейбіреуін тіпті заңсыз шетелге шығармай, заңсыз тінтулер жасауда. Сондағы көздегендері менің ауызымды жабу! Мен осы азаматтық ашық ұстанымға көшкенде алдымнан не шығатынын біліп келген адаммын, шырақтарым! Менің ұстанымымнан айнытам деп текке терлемеңдер!
Менің айналамды заңсыз тіміскілеп, адвокаттардан “Арман билікке келсін, жолықсын, анаусын қойсын, мынаусын қойсын” деген сәлемдеме жолдағаннан түк шықпайды", - деді Арман Шораев. 
 
Ол өзі авторы саналатын "Қазақстан барысы турниріне қатысты жұмсалған шығынға қатысты да пікір білдірді. 
Мен жүзеге асырған “Қазақстан Барысы” жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны - қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Бірақ менің азаматтық көзқарасым мен сөз бостандығымды ұрлай амайсыңдар! Мен ақпын, - деді Арман Шораев өзінің жазбасында
"Қазақстан барысы" турнирі ең алған рет 2011 жылы ұйымдастырылды. Аталған жобаға сол кезде Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсеткен еді. Кейін "Қазақстан барысымен" бірге "Еуразия барысы" атты командалық, "Әлем барысы" атты ауыр салмақтағы балуандар бәсекесі ұйымдастырылды. Сонымен қоса, "Халық барысы", "Әскер барысы" турнирлер де ұйымдастырылып, олардың жүлдегерлеріне қомақты қаржы сыйақы ретінде берілді. 
 
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексере бастағанын мәлімдеген еді. 

Арман Шораев Қазақстан барысы Қазақ күресі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!