Алматыда "Қазақстан барысы" турниріне бөлінген қаржыға қатысты тексеру басталды
Алматы қаласы бойынша қазақ күресінне "Қазақстан барысы" турнирін өткізуге бөлінген қомақты қыржыға байланысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексере бастағанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.
"Қазақстан Барысы" турнирі 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Аталған турнирге қатысушы балуандар еліміздің барлық аймағы бойынша іріктеледі. Қазақ күресінің айтулы бәсекесі 2022 жылға дейін "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы Н.Назарабевтың жүлдесіне арналған қазақ күресін "Қазақстан барысы" турнирі деп аталған еді.
Былтырдан бастан "Қазақстан барысы" турнирінен еліміздің экс-президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі деген жалғауы алынып, орнына Астана күніне орай деген атау қосылған.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.