Новости Казахстана6 июня 2023, 20:27

"Дикий Арман" 7 тамызға дейін қамауда отырады

Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған "Дикий Арман" лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті 7 тамызға дейін изоляторда болады,  деп хабарлайды Arbat.media.

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше А.Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

2023 жылғы 5 маусымда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін екі айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 тамызға дейін ұзартуға санкция берілді, - деп сот хабарламасында.

Бұған дейін Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылған болатын. Сонымен бірге, Жақсыбек Құлекеев "Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасында қандай жұмыс атқарғаны туралы жазды. Кейін Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай "Дикий Арманнан" қоғамда батыр бейнесі қалыптасып келе жатқанына алаңдап, мәселе көтерген еді

 

 

 

Дикий Арман Арман Жұмагелдиев Қамау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!