Новости Казахстана14 апреля 2023, 13:50

Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық бес балуан белдеседі

Астанада еркін күрестен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сары құрлық біріншілігінің соңғы күнінде 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде Қазақстан құрамасының балуанданы сынға түседі. Нұрболат Әбдуалиев (61 келі), Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмырзаев (125 келі) жауапты сында жүлде үшін белдеседі. 

Бұған дейін Қазақстан балуандары грек-рим күресінен бір, әйелдер күресінен екі алтын иеленген болатын. Бүгін еркін күрестен басталған сында қос отандасымыздың финалға шығып, жеңімпаз атанғанын жазған едік

Азия чемпионаты Астана Күрес спорт

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!