Ақтөбе облысында жол апаты бір адамның өмірін жалмады
Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соғылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
ІІМ баспасөз қызметі Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соғылғанын мәлімдеді.
Оқиға салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. ЖКО фактісіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. ПД көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, - деді Әйтеке би ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Әкентай.
Бұған дейін Жетісу облысында екі көлік соғылып, үш адам қайтыс болды. Одан сәл бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Одан бөлек, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған.