Ақмола облысында пойыз 32 жылқыны қағып кетті
Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.media
ІІМ баспасөз қызметі аталған оқиғаның 25 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде болғанын мәлімде.
Жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 32 жылқыны қағып кетті. Пойыздың тұрағы 50 минутты құрады. Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Аталған оқиғадан кейін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Бұған дейін еліміздің Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ірі жол апаты болып, бірнеше адам қайтыс болған еді.