Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды
Бүгін президент Жарлығы бойынша Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы болған Алмасадам Сәтқалиев енді министр лауазымын атқарады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін министр лауазымында болған Болат Ақшолақов енді президентке кеңесші болмақ.
Сайлаудан кейін Мәжіліс Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады. Сонымен бірге, премьер-министрдің орынбасарлары, Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлері тағайындалған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в