Новости Казахстана17 июня 2023, 20:02

Алда билікте ауыс-түйіс болады - Тоқаев

Түркістан облысында өткен Ұлттық Құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев алда көптеген ауыс-түйіс болатынын атады, деп хабарлайды Arbat.media.

Жиында сөйлеген мемлекет басшысы атқарушы билікке қатысты сыннан хабардар екенін атады.

Соңғы кездері мен бірқатар кадрлық өзгерістер жасадым. Бұл ретте, ешқандай науқаншылдыққа, мемлекеттік қызметшілерді, жоғары лауазымды тұлғаларды жаппай қызметтен босатуға жол берілген жоқ. Ең алдымен, олардың іскерлік қабілеті мен тәжірибесі ескерілді. Сондай-ақ, жас, білікті азаматтар бірқатар маңызды министрліктің тізгінін ұстады. Әрине, олардың тәжірибесі, соның ішінде өмірлік тәжірибесі аз екені сөзсіз. Бірақ, бұл – уақытқа байланысты мәселе. Бастысы, олардың бойында еліміздің жарқын болашағы үшін адал қызмет етуге қажетті білім, ерік-жігер бар, - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, ол алда ауыс-түйіске қатысты бірқатар өзгерістердің болатынын жеткізді. 

Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді, - деді президент. 

Тоқаев Түркістандағы жиында көптеген мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, былтыр 16 маусымда Ұлытауда өткен құрылтай келесі жылы Атырауда ұйымдастырылатын болды. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыс-түйіс Тағайындау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!