Өз үйінің алдында аралар шағып өлтірді
59 жастағы америкалық еркек үйінің алдында жүргенде қаптаған аралар үймелеп, ақыры еркекті шағып өлтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ABC News жариялады.
Оқыс оқиға АҚШ-тың Кентукки штатының Харлан округінде болған.
Ер адам үйінің ауласынан топырақ қоспасы салынған ескі қапты көтергенде, оның ішінде болған аралар үйірі ұшып шығып, өзіне атылған.
Үйіндегілер мен құтқарушылар көмекке көмекке ұмтылып, қолдан дем алдыруға тырысқан.
Өкінішке қарай, ол жедел медициналық көмек көрсету бөлімінде қайтыс болды.
Поделиться
Читать Arbat media в