АҚШ Украинаға АТАCМS зымырандарын жеткізу мәселесін талқылап жатыр
АҚШ Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын АТАCМS зымырандарын жеткізу мәселесін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ABC News атын атамауын өтінген шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.
Журналистердің пікірінше, зымырандық жүйелер Америкадан Украинаға әскери көмек көрсетудің келесі пакетіне қосылуы мүмкін, бірақ украин тарапы ATACMS алғанша бірнеше ай өтуі мүмкін.
Бұған дейін Киев АҚШ-тан 300 км-ге жуық ұшатын бұл зымырандарды бірнеше рет сұраған еді.
Бірақ оларды әлі алған жоқ. Өйткені Ақ үй Украинаның Ресей аумағындағы нысаналарға соққы беруінен және соған байланысты соғыстың бақылаусыз өршуінен қауіптенеді.
Поделиться
Читать Arbat media в