Евразия21 февраля 2023, 15:14

Түркияда тағы да жер сілкінді: адам шығыны бар

Түркияның Хатай өңірінде тағы жер сілкінісі болды. Зілзала кезінде үш адам қаза тауып, 213 адам ауруханаға жеткізілді,  деп хабарлайды Arbat.media.

20 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:04 кезінде болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,4 балды көрсетті. Жер қабаттарының дүмпуі Хатай өңірің Дефне ауданында тіркелді. 

Елдің ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу оқиға кезінде үш адамның бақилық болғанын атады. Қазіргі уақытта апат аймағында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақыт өткен сайын қайтыс болғандардың саны арта түсуде. 

Біз 3 азаматымыздан айрылдық. Олардың бірі Антиохияда, тағы екеуі Лаврда және Самандагта қайтыс болды.  Қазіргі уақытта зарлап шеккен 213 азамат ауруханаларға жеткізілді. Үш жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, - деді министр. 

Түркияның вице-президенті Фуат Октай Хатай өңірінің Дефне ауданында жер сілкінісінен кейін шамамен 20 рет жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. 

Ақпан айының басында Түркияда болған жер сілкінісінен қырық мыңнан адам қайтыс болған еді. Апаттан кейін елде бір апта бойы аза тұту жарияланды. Апат аймағына әлемнің алпыстан астам елінен құтқарушылар келіп, іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Қазақстаннан аттанған ТЖМ арнайы тобының іздестірушілері жүзге жуық адамның адамның денесін үйінді астынан астынан тапты.  

түркия Жер сілкінісі Апат өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!