Евразия13 февраля 2023, 21:27

Қазақстаннан Түркияға жеткізілген киіз үйлерді апат аймағында құра бастады

Түркиядағы жер сілкінісі болған Кахраманмараш аймағында Қазақстаннан жіберілген киіз үйлер жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Түркияда зілзаладан зардап шеккендер Қазақстан халқынан бөлек кәсіпкерлер де ақша бөліп, қайырымдылыққа ат салысқан болатын. Соның нәтижесінде елімізден түрік жеріне жүзден аса киіз үй жіберілді.   

Журналис Нұрбек Бекбаудың айтуынша, жер сілкінісінен зардап шеккендерге киіз үйден бөлек, жамылғылар, жылытқыш, электроплита беріледі. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)

 

Қайырлымдылық ісіне тек Қазақстан ғана емес, көршілер қырғыз елі де ат салысты. Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Қырғыстан 78 киіз үй жіберген. Бұл туралы аталған елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Бұған дейін Украинада Қазақстан кәсіпкерлері бірнеше қалада киіз үй құрған болатын. Осы ретте Ресей тарапы қазақстандықтардың Украинаға көмектескенін қатаң айыптаған болатын

6 ақпанда Түркия мен Сирияда жер сілкінісі болып, жиырма мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен бірге, жүз мыңға жуық адам зілзаладан зардап шеккені белгілі болды. Табиғат апатынан кейін еліміздің президенті Түркияға бюджеттен 1 миллион АҚШ долларын бөлген. Сондай-ақ, қазақстандық құтқарушылар апат аймағына 2 лекпен аттанды

 

түркия Жер сілкінісі Қазақстан Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!