Новости Казахстана11 января 2023, 17:06

Ресейліктер Украинада құрылған киіз үйге наразылық танытты

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан билігі оларға Украинаның Буча қаласында құрылған киіз үйдің құрылысына қатысы жоқ екендігі туралы хабарлағанын түсіндірді. Алайда қазақстандық дипломаттардан ресми түсініктеме дайындауды сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстаның ресми тұлғаларының назарын ғаламторда пайда болған ақпаратқа аударттық. Бізді кейбір БАҚ өкілдері жазып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынына және Қазақстанның билігі бұл акцияға қатыспағанына сендірді. Ресей тарапының жақын серіктесіне сенбейтіндей негізі жоқ. Бұған қатысты жақын күндері ресми түсініктеме күтеміз», - деді Захарова.

Алайда ол Қазақстан СІМ-нен осы мәселе бойынша ресми түсініктеме беруін сұрап отыр. Айта кететін бір жайт, ол киіз үй Украинадағы қазақ диаспорасының өкілдеріне тиесілі.

Бұған дейін Бучада "бұзылмайтын киіз үйді" ашу кезінде қазақстандықтардың қызу қолдауы туралы айтылған еді. 

Бүгін қазақстандық достарымыздың, депутат Сергей Нагорняктың, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауының арқасында Олекси Тихоги көшесіндекиіз үйді аштық, - деді Буча қалалық кеңесінің хатшысы Тарас Шаправский әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Шаправский қазақ халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айта келе, киіз үй соғыстан қатты зардап шеккен Буча қаласында символдық түрде орнатылғанын атап өтті.

Украина Ресей Қоғам Киіз үй

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!