Новости Казахстана30 марта 2023, 19:15

Журналистерге жауап беруден қашқан депутат кешірім сұрады

 Мәжіліс депутаты болып сайланған соң журналистер сауалына жауап беруден қашып, елемей өте шыққан Ардақ Назаров жария түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Депутат мандатын иеленген Ардақ Назаровқа Мәжілістің отырысынан кейін тағы сұрақ қойылды. Бұл жолы Алматы облысының бір мандатты округінен сайланған депутаты сауалдан қашпады.

Мен халықпен біргемін. Ешкімнен қашқаным жоқ. Кеше жауап бермегенім себебім, мына жердің аурасын сезініп, мандатымды алып, ант бергенне кейін жауап беремін дедім. Ант бердім, мандатымды алдым. Кешірім сұраймын, аман болыңыз, деді Ардақ Назаров. 

Ардақ Назаровқа бұған дейін "қаңтар оқиғасы туралы мәселе көтересіз бе?" деген сауал қойылған еді. Ол бұл сұраққа жауап бермеді. Сонымен бірге, өзінің қарсыласы болған Рысбек Сәрсенбайды танымайтынын, Мәжілісте жастарды тәрбиелеумен айналысатынын атады. 

Осы оқиғадан кейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутатқа ескерту берілетінін жеткізді

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)


Ардақ Назаров Мәжіліс Кешірім Журналистер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!