Placeholder
Новости Казахстана28 марта 2023, 20:53

"Рысбек Сәрсенбайды танымаймын. Жастарды тәрбиелеймін" - Ардақ Назаров

Алматы облысынан бір мандаттық округ бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланған Ардақ Назаров өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media

Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық мандатын иеленген халық қалаулысы "Қаңтар оқиғасында кейбір мәселелерді көтерсіздер ме?" деген сауалды айналып өтті. 

Аман болыңыздар. Алла тағала елге тыныш берсін! Біз әлі жұмысқа кірген жоқпыз, деді Ардақ Назаров. 

Сұрақты қайта қойғандарға депутат бұл мәселеге кейін жауап беретіндігін алға тартты. 

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде бұған дейін айтылғандай "Рысбек Сәрсенбайға орнын берсе дұрыс болар еді" деген ұсынысқа да пікір білдірді.  

Рысбек Сәрсенбаймен таныс емеспін. Сайлау әділ өткен шығар. Сайлау учаскелеріндегі заң бұзушылықтарды көрмедім. Мен интернетті ақтарып, басымды ауыртпаймын. Бұл алланың бұйырғаны ғой. Депутаттыққа түспес бұрын әкеммен ақылдастым. Батасын берді. Депутат болу арманым емес. Бірақ халыққа қызмет ету менің міндетім. Депутаттыққа кіріскен соң жастарды тәрбиелейміз, - деді Ардақ Назаров. 

Ардақ Назаров бір мандаттық округтен Рысбек Сәрсенбайұлы, Нұрлан Албан, Қайрат Нұрқаділовпен бір мандатқа таласқан еді. Кейін Қайрат Нұрқаділов бұл сыннан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бергенін мәлімдеді

 

Ардақ Назаров депутат Қоғам Мәжіліс

Новости по теме