Placeholder
Скриншот видео
Новости Казахстана8 июня 2023, 20:35

Жетісу облысында тау арасында жоғалған блогер аман табылды

Жетісу облысының таулы аймағында жоғалып кеткен тик-токер табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тауға саясхаттау шыққан блогер байланысқа шықпағаннан кейін оны іздеуге төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылған еді.

2023 жылғы 7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін Алматы қаласынан саяхат әуесқойы болып табылады, - деп жазылған ТЖД-нің ақпаратында. 

1986 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Жетісу облысы ТЖД күштерінің қатысуымен іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілген. 

Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бурхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тапқан. Ол дін аман, ешқандай медициналық көмек қажетсінбеді. 

Бұған дейін белгілі тик-токердің жоғалып кеткен туралы ақпарат жария болған еді. 

Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 бірлік техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылған. 

Жетісу облысы Іздеу жұмыстары блогер

Новости по теме