Новости Казахстана8 июня 2023, 16:00

Жетісу облысының тауларында белгілі тик-токер жоғалып кетті

 Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тик-токер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Ол 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті жердің қорықшысы шәй беріп, дәм ауыз тигізген.

Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр.

Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болғаны айтылды. 

 

Дамир Кушеев жоғалу Іздеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!