Новости Казахстана24 сентября 2023, 7:00

Жексенбіде өңірлерде тұман түсіп, үсік жүреді

Жексенбіде өңірлерде тұман түсіп, үсік жүреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазгидромет мәліметінше, антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

ЩҚО және оңтүстік-шығыста тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.

Еліміз бойынша екпінді жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі.

ШҚО солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік бар. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары. 

Қазгидромет Ауа райы

Новости по теме