Placeholder
Новости Казахстана19 апреля 2023, 16:31

Жаңөазендегі жарылыстан зардап шеккендердің жайы белгілі болды

Жаңаөзендегі болған жарыстан ауруханаға түскен бес адамның екеуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды  Arbat.media.

Маңғыстау облысында екі қабатты үйде жарылған газдан денесі күйіп, омыртқасы сынған 2000 жылы туған әйелге операция жасалды. Оның жүктілік кезеңінің 17-18 аптасында екені анықталған. 

Жарылыстан зардап шеккен 1977 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. 17 сәуір күні оның аяғына ота жасалғаны хабарланды. 

Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2014 жылы туған қыздар және 1965 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Жарылыстан жарақат алған тағы бір адам Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. 1972 жылы туған ер адамды Жаңаөзеннен Ақтау қаласына авиамедициналық ұшақпен жеткізілген. Дәрігерлер зардап шеккен адамның дене бөлігінің 60-70 пайызында күйік шалғанын атады. Қазір оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер  науқасқа тиісті емдеу шаралары жүргізуде. 

Екі күн бұрын Жаңаөзенде таң ата екі қабатты үйде газ жарылып, төрт адам қайтыс болды. Аталған жарылыстан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура апаттың себебін атады. Бұған дейін Жаңаөзен қаласында болған жарылыс туралы жазған едік. Кейін оқиғадан төрт адам қайтыс болып, оннан астамның зардап шеккені белгілі болды. Апатқа байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ пәтерінен айрылған тұрғындарға баспана беретінін мәлімдеді.  

Жаңаөзен Жарылыс Зардап шегу Қоғам

Новости по теме